Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бағдарламасында студенттер арасында «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық» ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бағдарламасында студенттер арасында «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық» ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті

2021 жылғы 23-26 қарашада Зеренді ауданының «Сұңқар» БСО базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бағдарламасында студенттер арасында «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық» ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті.

Ұйымдастырушы - Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.

Жарысқа 13 колледж қатысты, қатысушылардың жалпы саны 107 адамды құрады.

«Тоғызқұмалақтан» орын келесідей бөлінді:

1 орын - Көкшетау Ж. Мусин атындағы жоғары Қазақ педагогикалық колледжі.

2 орын - Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі

3 орын - Көкшетау қаласының азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі

«Асық ату» жарыстарында орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Көкшетау қаласының азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі

2 орын - Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі

3 орын - жоғары агротехникалық колледжі, Чаглинка селосы

«Бес асық» бойынша жарыстарда орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі

2 орын - Көкшетау Ж. Мусин атындағы жоғары Қазақ педагогикалық колледжі.

3 орын - Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі