Ақмола облысында халықаралық қатысумен екінші өңіраралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ақмола облысында халықаралық қатысумен екінші өңіраралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «TALAP» КЕАҚ өкілдері, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының педагогтері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірлерінің білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы облыстың білім беру жүйесінде маңызды оқиға болып табылады.

«Бұл іс - шара ерекше білім беру  қажеттілігі бар балаларды (тұлғаларды) кәсіби бағдарлау мәселелерінде білім беру ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалог алаңын қалыптастырудағы маңызды қадам деп санаймын және бұл өз кезегінде еліміздің түрлі өңірлеріндегі жас және тәжірибелі ғалымдар арасында пікір алмасуға ықпал етеді, сондай-ақ ғылым мен практика арасындағы байланысты қолдайды» -деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Б.Жүсіпов.

Конференция ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды (тұлғаларды) жұмысқа орналастыру, мамандық таңдау және әлеуметтендірудің өзекті мәселелерін қозғады.

Қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) кәсіби бағдарлау мәселелеріндегі бірлескен қызметтің перспективаларын талқылады.