«Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауына қатысу қорытындылары

«Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауына қатысу қорытындылары

2021 жылғы 26-28 қазан аралығында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы өтті.

Байқауға жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

Байқауда Ақмола облысының намысын 10 қатысушы қорғады: оның ішінде 5 қатысушы Аршалы ауданының жас техниктер станциясының тәрбиеленушілері, Бурабай ауданы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 1 тәрбиеленушісі, Шортанды ауданы Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 1 тәрбиеленушісі, Целиноград ауданы «Жас-шабыт» техникалық шығармашылығы орталығының 1 тәрбиеленушісі, Зеренді ауданы Троицкое ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 1 тәрбиеленушісі, Көкшетау қаласының «Әулет» МТЖО 1 тәрбиеленушісі. Байқауға 13-17 жас аралығындағы білім алушылар қатысты.

Байқау ZOOM платформасында 9 номинация бойынша онлайн форматта өткізілді:

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы ауданы Аршалы кентінің «Жас техниктер станциясы» КММ тәрбиеленушісі Жакупов Ануар жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Ануар қосымша білім беру педагогі Олейник Николай Львовичтің жетекшілігімен «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» номинациясында 3 орын алды.

Жарыс жеңімпаздары ҚР БжҒМ РОӘО дипломдарымен, жетекшілері алғыс хаттармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталады.