Облыс мектептерінде дүниежүзілік нан күні атап өтілуде

Облыс мектептерінде дүниежүзілік нан күні атап өтілуде

Бүгін Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясында 9 сынып оқушыларымен нан күніне арналған "өмірлік сабақ" интерактивті форматы өтті.

Іс-шара ауыл еңбеккерлеріне, туған өлкенің тарихына құрмет көрсетуге және нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.

Мектеп парталарында балалармен ақмолалық алғашқы тың игерушілер Корябкин Владимир Дмитриевич және Савенко Татьяна Гавриловна, сондай - ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсоводы Антипова Вероника Андреевна кездесті. Сондай-ақ, тың жерлерді игерудің маңызы туралы оқушылардың біртұтас қабылдауын қалыптастыру үшін мұражай қызметкерлері балаларға экспонаттардың жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы тың игерушілермен әңгімелесу барысында балалар туған өлкенің тарихы, егін ору мамандығы туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, нанның пайда болу тарихын білу үшін өткенге виртуалды серуен жасай алды.

Айта кетейік, 15 қазаннан бастап Ақмола облысының білім беру ұйымдарында нан күніне арналған тақырыптық іс-шаралар өтеді. Нан-ең маңызды және ең танымал және сүйікті тағамдардың бірі. Барлық уақытта және барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие болды және үстелде басты орын алды. Мерекелік күн астық және нан өнімдерінің жоғары мәртебесін нығайту мақсатында, сондай-ақ қазақстандық диқаншылардың, ұн тартушылар мен наубайшылардың еңбегін құрметтеу және тану белгісі ретінде белгіленді.