11 қазанда облыстық Әдістемелік Кеңесінің отырысы өтті.

11 қазанда облыстық Әдістемелік Кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, пәндік қауымдастықтардың төрағалары, аудандық пәндік бірлестіктердің басшылары, колледж директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары және ТжКБ ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Отырыста қашықтық кезеңдегі оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру және жою мәселесі қаралды.

Білім беру үдерісін әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу, пәндік қауымдастықтардың рөлі, ШЖМ оқу және оқыту сапасын арттыру жолдары туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Әдістемелік Кеңес білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеуді жақсарту үшін тиісті шешімдер қабылдады.