Ұлты қазақ емес оқушылар арасфнда «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауының өткізілді

Ұлты қазақ емес оқушылар арасфнда «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауының өткізілді

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2021 жылдың 22 қыркүйегі күні Тілдер күнінің аясында ұлты қазақ емес 14 жастағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық онлайн байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің мәретебесін көтеру, талантты жастарды анықтау және өз елін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеу. 

Іс-шараға Ақмола облысының 11 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 14 оқушы қатысты.

Байқау төрт кезеңде өткізілді. «Кел, танысайық» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы өзін-өзі таныстырып кетті. «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі - сөз» деп аталатын екінші кезенде қатысушылар мәтінді мазмұндап, сөйлеу мәнері мен ойды ұшқыр жеткізу қабілеттерін көрсетті. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты үшінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның лирикалық өлеңдерін, дастандарынан үзінділер жатқа оқып берді. «Сауатты болайық!» атты төртінші кезеңде қатысушылар көше жарнамаларындағы қате жазылған сөздерді талдады.

Оқушылардың тілді меңгеру деңгейлерін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледждерінің мамандары бағалады.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.

Гран-при -  Соболева Ольга, Бұланды ауданы Партизанка ауылы негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

1 орын –– Симакова Алина, Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин ауылы негізгі орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

2 орын – Ермолаева Ангелина, Сандықтау ауданы Веселое ауылы Байдалы Оразалин атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы

2 орын – Новожилова Карина, Ерементау ауданы Торғай ауылы жалпы орта мектебінің оқушысы;

3 орын – Лысенко Анна, Көкшетау қаласы №1 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы;

3 орын – Хижинский Николай, Атбасар қаласы №8 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

3 орын – Челомбитько Виктория, Біржан сал ауданы, Үлгі ауылының жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы