Жас өнертапқыштар инновациялық идеялардың байқауында өнерлерін паш етті

Жас өнертапқыштар инновациялық идеялардың байқауында өнерлерін паш етті

2021 жылғы 21 қыркүйекте «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының әдістемелік бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында инновациялық идеялардың «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық байқауын өткізді.

​Байқау білім алушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Оған 9 номинация бойынша Аршалы, Бурабай, Шортанды, Целиноград, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласынан 13-17 жастағы 22 бала қатысты.

Қатысушылардың жобаларын кәсіби қазылар алқасы бағалады. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің инженерлік технологиялар және көлік кафедрасының профессоры, т.х.д. Серік Бапайұлы Күзембаев, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалихан Сердалыұлы Есжанов және Көкшетау қаласы құрылыс-технологиялық колледжінің ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығының оқу-өндірістік шебері Балдырған Майлыбайқызы Құсайынова.

Байқаудың нәтижесі:

Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу номинациясы:

І орын Жакупов Әнуар (Аршалы ауданы),

ІІ орын Буторина София (Көкшетау қаласы);

Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру номинациясы:

І орын Сансызбай Мейіржан (Бурабай ауданы);

Ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық құрастыру номинациясы:

І орын Ахмадиев Данииль (Целиноград ауданы),

ІІ орын Серік Ринат және ІІІ орын Көшербаев Арыстан (Аршалы ауданы);

Космонавтика және аэроғарыш саласындағы жобалар номинациясы:

І орын Фокин Кирил (Аршалы ауданы),

ІІ орын Штарк Леонид (Целиноград ауданы), ІІІ орын Горбань Егор (Көкшетау қаласы);

Су көлік саласындағы құрылыс техникасы номинациясы:

І орын Грицко Максим (Аршалы ауданы),

ІІ орын Жұмабек Айдос (Шортанды ауданы);

Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру номинациясы:

І орын Сумин Максим (Аршалы ауданы),

ІІ орын Натолока Роман (Зеренді ауданы),

ІІІ орын Баталов Василий (Целиноград ауданы);

Құрылыс саласындағы жобалар номинациясы:

І орын Адмиш Ардак (Шортанды ауданы),

ІІ орын Костенко Алексей (Көкшетау қаласы),

ІІІ орын Семенов Артем (Зеренді ауданы);

Жылу, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар номинациясы:

І орын Алпысбай Нұрай (Көкшетау қаласы),

ІІ орын Метаев Бахтияр (Көкшетау қаласы);

​Авиация саласындағы жобалар номинациясы:

І орын Черепанов Валерий (Аршалы ауданы),

ІІ орын Қажығалиев Алдияр (Зеренді ауданы),

ІІІ Тұрысхан Рамазан (Шортанды ауданы).

Облыстық байқаудың бірінші орын жеңімпаздары республикалық байқауға қатысатын болады.