БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялаймыз.

Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Мәселен, бұл мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін.

Өткен демалыс күндері Комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарламалар түскен. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қажетті жұмыстар жүргізіп жатыр.