Биыл жаңа оқу жылында облыстың 570 білім беру ұйымына 134 823 оқушы келді, оның ішінде 553 жалпы білім беретін мектептерге 130 мыңнан астам оқушы, олардың 15 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары деп хабарлады Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.Жүсіпов жаңа оқу жылының басталуы туралы өткен брифингте. 1 қыркүйекте Көкшетау қаласында жаңа 240 орындық АJ Scool (Адвансед Джуниор Скул) жекеменшік мектеп ашылды.
Барлық мектеп пәндері офлайн форматта өтуде, біз сабақтың 45 минуттық ұзақтығына оралдық, дегенмен алдыңғы жылдары сабақ 40 минутқа созылды. Алты күндік оқу аптасы туралы мәселені әр мектеп жұмыс жүктемесіне байланысты бөлек қабылдайды, бірақ біз демалыс күндері балалардың толық демалуы үшін мектептерді 5 күндік оқу аптасына бағыттаймыз. Жалпы облыс бойынша 6 күндік оқу аптасы 9 мектептерде жұмыс жасауда.
Сонымен қатар облысымызда аралас режимінде оқытатын мектептер бар. Сабақтарын 90% штаттық+10% онлайн оқытатын 24 мектеп, 70% штаттық+30% онлайн – 2 мектеп.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №444 бұйрығына сәйкес білім алушылардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініштері негізінде (созылмалы аурулар, аурулардың асқыну кезеңдері және т.б.) Білім алушыларды үй жағдайында қашықтықтан (асинхрондық (өз бетінше) оқытуға жол берілетінін атап өткен жөн. Қашықтықтан (асинхронды (өз бетінше) оқыту білім алушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Қашықтықтан (асинхронды (өз бетінше) оқыту кезінде білім алушылар:
1) оқулықтармен және ОӘК-мен, пәндер бойынша оқу бағдарламаларымен, ақпараттық жүйеге және электрондық журналға қол жеткізумен қамтамасыз етіледі;
2) БЖБ және ТЖБ өткізу мерзімдеріне сәйкес БЖБ білім беру ұйымының шешімі бойынша штаттық немесе қашықтықтан форматта орындалады, ТЖБ мектепте штаттық форматта орындалады.
Білім беру ұйымы ата-аналар мен білім алушыларды БЖБ және ТЖБ нәтижелері туралы хабардар етеді, БЖБ және ТЖБ үшін қанағаттанарлықсыз нәтижелер алған жағдайда білім алушылар оқуын штаттық форматта жалғастырады.
Қазіргі уақытта облыста қашықтықтан (өз бетінше) 67 оқушы оқиды.