2021 жылғы 24-27 тамыз аралығында онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы 8-11 оқушыларына арналған ХХІІ республикалық Абай оқулары өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан қатысты. Аталмыш байқауға Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломмен «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Сабитова Меруерт – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы маратталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Төлеубай Райымбек – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотаға ие болған оқушылар:
Байқаудың барлық жеңімпаздарын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз.