Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған облыстық пікір-сайыс турнирі

Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған облыстық пікір-сайыс турнирі

2021 жылдың 1 шілдесінде  Ақмола облысының білім басқармасы,  «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығымен бірлесіп, Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған облыстық пікір - сайыс турнирін өткізді.

Турнирдің басты мақсаты – Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.

Турнир қорытындысы бойынша кубок иегерлері атанды:

қазақ лигасы бойынша:

– «Жалын» командасына: Сағайқызы Дильназ, Турсымуратова Аида (Степногорск қаласы «Болашақ» ДБАОММИ);

орыс лигасы бойынша:

– «Bolashaq saraiy» командасына: Жакимова Гаухар, Мербахыт Ансар (Көкшетау қаласы «Bolashaq saraiy»);

ағылшын лигасы бойынша:

– «Легион» командасына: Мынбаев Алдияр, Қазымов Али (Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернаты) берілді.

Балаларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмауды, өзімізге сенуді, күн сайын жауынгерлік рухты, ерік-жігерді үйретуді және әрқашан табысқа жетудің шыңына батыл жетуді тілейміз.