Ақмола облысында орта білім беретін үздік ұйым анықталды

Ақмола облысында орта білім беретін үздік ұйым анықталды

Ақмола облысының мемлекеттік орта білім беру ұйымдары арасындағы жыл сайынғы «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды.

Конкурстық комиссия аудандық және қалалық білім бөлімдері 16 мектептерінің  материалдарды қарап, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ жеңімпаз деп таныды.

«Конкурсты өткізу тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, қорытындылауға және таратуға мүмкіндік береді» - дейді ұймдастырушылар.

Конкурстың барлық қатысушыларына қызықты және мазмұнды жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз! Жеңімпазды құттықтаймыз!