«Comedy kids» облыстық әзіл – ысқақ ғаламтор-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Comedy kids» облыстық әзіл – ысқақ ғаламтор-байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Comedy kids» әзіл-ысқақ интернет -конкурсын өткізді.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуына байланысты іріктеу кезеңі қашықтықтан өтті.

Байқаудың мақсаты: мектептің мәдени өміріне белсенді қатысатын дербес іс-әрекетке қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Кәсіби қазылар алқасының қарауына 12 нөмір ұсынылды. Байқауға барлығы облыстың 6 ауданынан (Астрахан, Атбасар, Жақсы, Целиноград, Зеренді және Сандықтау) 25 оқушы қатысты. Қатысушылар әзіл-ысқақ түрінде «Менің оқиғаларым...» тақырыбына бейнелер жазды. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын-Атбасар ауданы, ОШ Полтавка селосы - Моор Виктория, Қоныбаев Алдияр;

ІІ орын-Зеренді ауданы, ОШ Елена А. - Ибраш Марал, Рамазанова Дильнура;

ІІІ орын-Атбасар ауданы, ОШ Тельман-Емельянов Дэниил.