Ақмола облысы бойынша мамандандырылған мектептерге конкурстық іріктеу жүріп жатыр

Ақмола облысы бойынша мамандандырылған мектептерге конкурстық іріктеу жүріп жатыр

Еліміздегі өңірлер бойынша 2021 жылғы 1-20 маусым аралығында офлайн-тестілеу форматында өткізілетін 70 мамандандырылған мектепке конкурстық іріктеу басталды. Биыл бұл конкурсты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін конкурсқа құжаттарды қабылдау қорытындысы негізінде күтілетін Ақмола облысы бойынша алтыншы сыныпты бітірген 220-дан астам оқушы бар. Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса отырып, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Ақмола облысының мамандандырылған Білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді өткізу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 2  маусымда Нұр-сұлтан қаласының дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатында, 4 маусым күні Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған № 3 Абай атындағы  облыстық мамандандырылған мектеп - интернатында өтті. 6 маусым – Степногорск қ. дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында іріктеу өтеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіліп жатыр.

Аудиториялардағы тәртіп үшін белгіленген кезекше мамандар жауап берді. Комиссия мүшелері тапсырмаларды оқушылардың көзінше ашып, таратып берді.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Конкурстың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.