«Мың бала» ауыл оқушыларына арналған Ұлттық Олимпиада жеңімпаздарының есімдері жарияланды

«Мың бала» ауыл оқушыларына арналған Ұлттық Олимпиада жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Ақмола облысының 51 оқушысылары "Мың бала"ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

Ауылдық жерлердегі неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және оларға әлеуметтік лифт беру мақсатында арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өткізіледі. «Мың бала» жобасы өз құрдастарымен табысты бәсекелесе отырып, еліміздің үздік мектептерінде оқуға мүмкіндік беру үшін ауылдық жерлерден 5 және 6 сыныптардың 1000 ең қабілетті оқушыларын анықтауға арналған.

2021 жылы 24 ақпан мен 27 наурыз аралығында ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы "Мың бала"ұлттық Олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылданды. Ақмола облысынан 7163 өтінім берілді, оның 6486 тестілеуге жіберілді.

Олимпиаданың қатысушылары I кезеңнің кешенді тестілеуінен таңдау бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беру басқармасы ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алды.

2021 жылғы 2-10 сәуір аралығында Ақмола облысының 6486 оқушысы I кезеңге қатысып, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалау бойынша тестілеуден өтті. Тестілеу Елбасы академиясының платформасында онлайн форматта өткізілді. Кешенді тестілеу екі бөлімнен тұрды: "логикалық ойлау" және "кеңістіктік ойлау".      

Тестілеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге Ақмола облысының 263 оқушысы өтті. II кезең 2021 жылғы 5 мамырда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «U-Study» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында офлайн-режимде өткізілді. Финалистерге математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқытатын оқушыларға арналған Қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын оқушыларға арналған Орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімдерін бағалауға компьютерлік тестілеу өткізілді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша Ақмола облысының 51 оқушы жеңімпаз атанды. Оның ішінде - 27 оқушы 5 сынып,       24 оқушы 6 сынып. Ең жоғары нәтижелерді Шортанды және  Біржан сал аудандарының оқушылары көрсетті.

Олимпиаданың 6-сыныпты бітірген жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес "Білім - инновация" лицейлері мен "Дарын" мектептерінде оқуға мүмкіндік алады.

Олимпиада жеңімпаздарына мамандандырылған мектептерге өтінім беру қажеттілігіне назар аударамыз. Өтінімді 8 маусымнан 16 маусымға дейін (қоса алғанда) беруге болады.