Ақмолалық оқушылар командасы IQanat Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Ақмолалық оқушылар командасы IQanat Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

2021 жылғы 5-11 мамыр аралығында ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында IQanat олимпиадасының республикалық туры өтті. Слетке еліміздің 14 облысынан 700-ден астам оқушы қатысты.

«IQanat» олимпиадасы-тек ауыл мектептерінің оқушыларына өткізілетін ең ауқымды олимпиада.

«IQanat» жеңімпаздары  диплом мен естелік алып қана қоймай, сондай-ақ беделді қазақстандық және халықаралық университеттерге түсу үшін теңдей қол жеткізеді.

Облысымыздың жүлделі орындар қоржынында тарихтан - Жолдангарова Аяулым (Целиноград ауданы) бірінші орын, химия бойынша - Булатов Әзім (Астрахан ауданы) екінші орын және үш үшінші орын - Ілияс Назым математика бойынша (Егіндікөл ауданы), - Ни Тимур физика бойынша (Целиноград ауданы), - Серіков Ернұр тарих бойынша (Ақкөл ауданы).

Целиноград ауданы Қосшы а. № 1 орта мектебінің оқушысы Темербулатова Фариза олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Екінші орынды Шортанды ауданы, Шортанды а. № 2 ОМ оқушысы Хлубный Роман жеңіп алды.

Олимпиадада ең жоғары балл жинаған 300 қатысушының арасында IQanat High School of Burabai оқуға түсуге қосымша іріктеу жүргізілді.

Ақмола облысының 16 оқушысы аталған мектепте оқуға грант иегерлері атанды.

IQanat олимпиадасының 3 республикалық турының қорытындысы бойынша Ақмола облысы еліміздің 14 облысы арасында 2 командалық орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табыс тілейміз!