Республикалық «Тоғызқұмалақ» бойынша жарыс

Республикалық «Тоғызқұмалақ» бойынша жарыс

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «тоғызқұмалақ» бойынша жарыс «Ұлттық Мектеп лигасы» бағдарламасында 2021 жылдың 3-8 мамыр аралығында өтті.

Ақмола облысы Бурабай ауданының «Ботагөз» спорт базасында 150-ден астам оқушы жиналды.

Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 3 жас топтары (5-6, 7-8, 9-11 сыныптар) бойынша 13 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

5-6 сыныптар

1 орын – Павлодар облысы

2 орын – Түркістан облысы

3 орын – Қарағанды облысы

4 орын – Ақмола облысы

7-8 сыныптар

1 орын – Ақтөбе облысы

2 орын – Түркістан облысы

3 орын – Жамбыл облысы

6 орын – Ақмола облысы

9-11 сыныптар

1 орын – Ақтөбе облысы

2 орын-Алматы қ.

3 орын – Маңғыстау облысы

Ақмола облысынан келген балалар турнир кестесінің 4-ші (5-6 сыныптар) және 6-шы (7-8 сыныптар) орнына жайғасты. 5-6 сыныптар арасында жеке есепте Абиева Ханшайым Щучинск қаласының №7 МЛ – мен 3 орын алды (жаттықтырушы Абылкасов Жұматай Базарұлы-дене шынықтыру мұғалімі).

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, бес асық) ойындардың келесі кезеңі 2021 жылғы 17-21 мамырда Көкшетау қаласында жоспарланып отыр.