Қазақстанда ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңі өтуде»

Қазақстанда ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңі өтуде»

2019 жылғы 27 қарашада еліміздің талантты жастары өкілдерімен кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы дарынды оқушылар мен жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «Ел Үміті» бастамасының жобаларын жұртшылыққа ұсынды. 2019 жылы Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша Елбасы академиясы құрылды, ол «Ел Үміті» бастамасын іске асыру бойынша негізгі оператор болып табылады.

Ауылдық жерлердегі неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және оларға әлеуметтік лифт беру мақсатында арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өткізіледі. «Мың бала» жобасы өз құрдастарымен табысты бәсекелесе отырып, еліміздің үздік мектептерінде оқуға мүмкіндік беру үшін ауылдық жерлерден 5 және  6 сыныптардың 1000 ең қабілетті оқушыларын анықтауға арналған.

«Мың бала» бірінші ұлттық олимпиадасының І кезеңіне Ақмола облысының 13731 оқушысы қатысты, оның ішінде бесінші сынып оқушылары – 7079, алтыншы сынып оқушылары – 6652. 6 пән бойынша ағымдағы оқу жылының І және ІІ тоқсанына бағалау нәтижелері негізінде 300 оқушы (150 – бесінші сынып оқушылары, 150 - алтыншы сынып оқушылары) Олимпиаданың қорытынды кезеңіне өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 83 жеңімпаз анықталды. Олимпиада аяқталғаннан кейін 17 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқуға қабылданды, ал барлық жеңімпаздарға әрі қарай білім алу және дағдыларды дамыту үшін «Birge Oqý» онлайн - мектебіне тегін қолжетімділік берілді.

«Мың бала» олимпиадасы жоба ретінде бірден бірнеше негізгі міндеттерді шешеді: бұл ауылдың дарынды балалары үшін қосымша әлеуметтік лифт және оларға сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділікті ұсыну, Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектептердің дарынды оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, сондай - ақ ауылдық жерлердегі дарынды балаларды жүйелі орта және ұзақ мерзімді қолдау және әлеуетін одан әрі дамыту бойынша шараларды әзірлеу, ұсыну.

2021 жылы 24 ақпан мен 27 наурыз аралығында ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы «Мың бала» ұлттық Олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылданды.

Ақмола облысынан 7163 өтінім берілді, оның 6486 тестілеуге жіберілді. 2021 жылдың 2-10 сәуір аралығында 6486 оқушы І кезеңге қатысып, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалау бойынша тестілеуден өтті. Тестілеу Елбасы академиясының платформасында онлайн форматта өткізілді.

Тестілеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге Ақмола облысының 248 оқушысы өтті. II кезең 2021 жылғы 5 мамырда барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «U-Study» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында офлайн режимде өткізіледі. Финалистерге математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқытатын оқушыларға арналған Қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын оқушыларға арналған орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өту қажет.

Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы академиясының «Birge Oqý» онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.