Кеше Ақмола облысы Бурабай ауданы «Ботакөз» демалыс үйінің базасында «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстарының ашылу рәсімі өтті

Кеше Ақмола облысы Бурабай ауданы «Ботакөз» демалыс үйінің базасында «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстарының ашылу рәсімі өтті

Іс-шара ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынымен басталды. 3-7 мамыр күндері тоғызқұмалақ ойыны бойынша еліміздің 13 өңірінен келген 150-ден астам оқушылар бақ сынасуда.

Ұлттық мектеп лига жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды топтастыру.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2021 жылға арналған республикалық спорт және дене шынықтыру бұқаралық іс-шараларының  күнтізбелік жоспарына сәйкес «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында (асық ату, бес асық 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар - 17-21 мамыр) және Щучинск қаласында (тоғызқұмалақ 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар – 3-7 мамыр) жарыстары жоспарланды.

Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады. Қатысушылардың бәрі ойындардың ережесі бойынша алдын-ала ПЦР-тест тапсырып келген.