2021 жылдың 27-28 сәуірінде Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Қазақшаң қалай, балақай?» облыстық сырттай байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық жүйелер мен жаңашыл ой – пікірлердің қалыптасуына ықпал ету, патриоттық тәрбиенің жарқын көрінісін насихаттау, бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Байқауға облыстың 10 ауданы (Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бурабай, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды) мен 1 қаласынан (Көкшетау) жалпы саны 12 балабақша қатысты.
Байқау жұмыстарын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалау өлшемдеріне сай бағалады:
Қазылар алқасының төрағасы: Мадиева Гульмира Қайыржановна (Біржан сал атындағы колледжінің директордың орынбасары.
Қазылар алқасының мүшелері: Назарова Карлыгаш Каиржановна (Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі). Жаргульбаева Айдана Елшібекқызы («Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының әдіскері)
I – орын Есіл ауданы, Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК
II – орын Аршалы ауданы, МКҚК «Құлыншақ» бөбекжайы, Анар станциясы
III – орын Бурабай ауданы бойынша білім басқармасының жанындағы Зеленый бор ауылының «Ромашка» бөбекжайы МКҚК