«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауының жңімпаздары анықталды

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауының жңімпаздары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылғы 7 сәуірінде Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы»  Бурабай ауданы білім бөлімі жанындағы «Балалар өнер мектебімен» біріге отыра «Алтын қазына» облыстық көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауын өткізді.

Шараның мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаларын әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Байқауға 14 аудан (Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды) мен 2 қаладан (Көкшетау, Степногорск) барлығы 138 білім алушы қатысты. Олар: тоқыма бұйымдарын дайындау, ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу, шыныны, металлды көркемдеп өңдеу және тағы басқа барлығы 7 номинация бойынша өнер көрсетті.

Балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Қазылар алқасының құрамында:

Амиржанова Анара Орынбаевна – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы;

Захай Бибигүл -  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының  аға оқытушысы, магистр;

Корнева Ольга Сергеевна – азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжінің педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері»;

Бейсенбаева Гульбану Асанқызы - Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің сызу және бейнелеу өнері оқытушысы;

Балгужина Мрия Карангуровна  – Щучинск қаласы, балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

«Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясында:

1 орын – Ермакова Ксения (Шортанды ауданы, Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беру мектебі;

2 орын – Гагарин Айғаным (Шортанды ауданы, Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы);

2 орын – Касымова Дана (Зеренді ауданы, Айдабол ОМ);

2 орын – Шарапова София (Бурабай ауданы, Щучинск қаласының Балалар өнер мектебі);

2 орын – Медведева Екатерина (Степногорск қаласы, А. С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейі);

2 орын – Сұраухан Кәусар (Шортанды ауданы, Шортанды кентінің жалпы білім беретін №3 мектебі);

3 орын - Сарсембай Дильназ (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО);

3 орын – Балтабаева Карина (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО);

3 орын – Раббани Сабина (Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»);

3 орын – Рахимберды Сафия (Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»);

3 орын – Орынбаева Жанель (Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО).

«Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш)» номинациясында:

1 орын – Казимир Максим (Зеренді ауданы, Садовка мектеп базасындағы

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы);

2 орын – Кожахмет Асанали (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО);

2 орын – Октябрь Естай (Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы);

2 орын – Кабкен Акжан (Жақсы ауданы, Жақсы ауылының оқушылар үйі);

3 орын - Машевский Максим (Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №2 НМ);

3 орын – Тусупбеков Нурсултан (Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы).

«Шыныны көркемдеп өңдеу: витраж» номинациясында:

1 орын – Ануфриева Алена -(Көкшетау қаласы, «Bolashaq saraiy»);

2 орын – Корчагина Карина (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО);

2 орын – Көшек Инабат (Жақсы ауданы, Жақсы ауылының оқушылар үйі);

3 орын – Житниковская Виктория (Зеренді ауданы, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы).

«Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» номинациясында:

1 орын – Максимишин Владимир (Зеренді ауданы, Еленовская ОМ базасындағы БЖШО);

2 орын – Парфенова Алина (Сандықтау ауданы, Белгород ауылының негізгі орта мектебі);

3 орын – Тұрысхан Рамазан (Шортанды ауданы, Научный кентінің балалар- жасөспірімдер шығармашылық  орталығы);

3 орын – Картенбай Жансая (Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы).

«Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясында:

1 орын –Абдрахманова Диана (Зеренді ауданы, Шағалалы ОМ базасындағы

БЖШО);

2 орын – Татыбаева Самира (Целиноград ауданы, «Жас шабыт» БЖШО);

2 орын – Накупова Малика (Зеренді ауданы, БЖШО);

3 орын – Суконщикова Эвелина (Аршалы ауданы, Аршалы кентінің БЖШО);

3 орын – Лебедева Виктория (Аршалы ауданы, Аршалы кентінің БЖШО);

«Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясында:

1 орын – Кенжебек Аружан (Целиноград ауданы, «Жас шабыт» БЖШО);

2 орын – Тукенова Сабина (Көкшетау қаласы, №1 ОМГ);

2 орын -  Оразова Нұрайым (Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы);

3 орын – Ванюкова Виктория (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО);

3 орын – Ануарбекова Аружан (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО);

«Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше» номинациясында:

1 орын – Ергалиева Жулдыза й (Зеренді ауданы, БЖШО);

2 орын – Кабылбекова Аяулым (Зеренді ауданы, Шағалалы ОМ);

2 орын – Сердобинцева Миланна (Бурабай ауданы, «Арман» БЖШО);

3 орын – Липчанская Екатерина (Шортанды ауданы, Жолымбет БЖШО);

3 орын – Темеркулова Карина (Сандықтау ауданы, Белгород ауылының негізгі орта мектебі);

3 орын – Гильманова Елизавета (Атбасар ауданы, Атбасар қ. БЖШО);

3 орын – Удовиченко Марк (Атбасар ауданы, Атбасар қ. БЖШО);

3 орын – Алексеюк Алина (Бурабай ауданы, Щучинск қаласының Балалар өнер мектебі).

Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.