Хореографиялық ұжымдар арасындағы қашықтық облыстық «Ақ шағала» байқауының жеңімпаздары анықталды

Хореографиялық ұжымдар арасындағы қашықтық облыстық «Ақ шағала» байқауының жеңімпаздары анықталды

Балалардың шығармашылығын түсіну үшін ең қызықты деп би өнерін атауға болады. Би сабақтары дене күші мен шыдамдылықты табуға, формада қалуға, шығармашылықты дамуға ықпал етеді.

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-мен біріге отыра «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 1-2 сәуірінде хореографиялық ұжымдар арасында облыстық қашықтық «Ақ шағала» байқауын өткізді.

Байқау білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыруға бағытталған.

Байқауға Ақмола облысының 13 ауданынан би ұжымдары қатысты. Қатысушылар жалпы саны 158 оқушыны құрады.

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

1 орын – Бурабай ауданы, «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Роммакс» би ұжымы;

2 орын – Жақсы ауданы, Жақсы ауылының Оқушылар үйі, «Карнавал» би ұжымы;

3 орын – Ақкөл ауданы, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйі», «Смайл» би ұжымы.

3 орын – Есіл ауданы, Есіл қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Бибірайлым» хореографиялық ансамблі.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Олардың жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.