Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мәселелерін семинар-практикумда талқыланды

Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мәселелерін семинар-практикумда талқыланды

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының 60 жасқа толуына орай

«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті

2021 жылдың 19 ақпанында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Дүйсенованың қатысуымен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық онлайн семинар-практикумы өткізілді. 

Семинар-практикум мақсаты:

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, оқушылардың даму ерекшеліктері мен деңгейлерін жан-жақты ескере отырып, олардың өздігінен білім алу, өз-өзін ұйымдастыру және мүмкіндіктерін таныта білу қабілеттерін қалыптастыру - шағын жинақты мектептің басты міндеттерін анықтап талқылау. Оған қоса, шағын жинақты мектеп ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау. 

Пленарлық мәжіліске Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының өкілі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, облыстық шағын жинақты және тірек мектептер,  тірек мектептердің директорлары қатысты.