«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» оқыту семинары туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» оқыту семинары туралы ақпарат

2019 жылғы 29 қаңтар - 19 ақпан аралығында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» оқыту семинарларын өткізді.

Семинардың мақсаты ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Оқыту қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы өтті. Инклюзивтік тәжірибені енгізу бойынша тірек болып табылатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үйлестіруші – тыңдаушылары және инклюзивтік білімге жетекшілік ететін  аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері 12 академиялық сағат көлеміндегі онлайн сабақтарға қатысты, сондай – ақ өз бетінше оқуға арналған қосымша үлестірме материалдар-нормативтік-құқықтық құжаттар, әдістемелік құралдар, ұсынымдар алды.

Семинар соңында инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша балабақшаларды дамыту бағдарламаларын қорғау болды.