Ақмолалық оқушылар математика, физика және информатика пәндері бойынша XVII Халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Ақмолалық оқушылар математика, физика және информатика пәндері  бойынша XVII Халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

2021 жылдың басында Математика, физика және информатика пәндері  бойынша XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде ҚР Білім және ғылым министірлігінің бастамасымен Алматы қаласы Республикалық физика – математика мектебінің ұйымдастыруымен 17 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада онлайн түрде ұйымдастырылды.

Олимпиадаға әлемнің 21 елінен (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Сербия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекістан, Украина, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Туркия) 1000-нан астам оқушы 146 команда құрамында қатысты. Әр құрама 3 математиктен, 2 физиктен, 2 информатиктен тұрады.

Ақмола облысының құрамы Көкшетау қаласы «Білім – инновация» лицей – интернатының оқушылары. Олар математика пәнінен – Даминов Арслан 11 сынып оқушысы, Алпысбай Әділхан 11 сынып оқушысы, Мукашев Алихан 11 сынып оқушысы; физика пәнінен - Болатқан Лұқман 10 сынып оқушысы, Абдикулов Алихан 10 сынып оқушысы; информатика пәнінен  - Шарипов Амирлан 11 сынып оқушысы, Тургунов Мади 11 сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен  математика пәні бойынша -  Даминов Арслан және ІІІ  дәрежелі дипломмен  информатика пәні бойынша Шарипов Амирлан марапатталды.