Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқау қорытындысы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқау  қорытындысы

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен  2020 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармаларын педагогтер мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау. Жастардың ұлттық рухын нығайту, патриоттық сезімін арттыру болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша Манапов Қымбат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы «Үздік ғылыми мақала» номинациясы бойынша жүлделі I орынға ие болды.  Қымбатты жеңісімен құттықтаймыз!