
2026 жылғы 7 қыркүйекте С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында мектеп оқушылары арасындағы «АгроНТРИ-2026» халықаралық байқауының республикалық кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылар арасында аграрлық және инженерлік мамандықтарды насихаттау, заманауи технологиялармен таныстыру және оларды ауыл шаруашылығында практикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
Халықаралық байқауға Көкшетау қаласындағы «Bolashaq Saraiy» тәрбиеленушілері Ерікұлы Ескендір, Ильясов Арнур, Самат Аблайхан, Асылбек Мұхамед, Айдарбеков Алдияр, Булат Амира, Жылқайдар Асылхан және Булат Әбілмансұр қатысты. Жетекшісі — Айшуқ Еділ Жұмабекұлы.
Биылғы жарыс «АгроКосмос» бағыты бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар жерді қашықтан зондтау, ғарыштық суреттерді талдау және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығын мониторингтеуге арналған веб-ГИЗ технологиялары бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша Самат Аблайхан, Ильясов Арнур және Ерікұлы Ескендір халықаралық суперфиналына жолдама алды.
Халықаралық суперфинал 2026 жылғы 7–11 қазан аралығында Мәскеу қаласында өтеді.
Жас зерттеушілерімізді құттықтаймыз! Сәттілік пен жеңіс тілейміз!