Ақмолалық оқушы «Болашақ чемпиондар» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

Ақмолалық оқушы  «Болашақ чемпиондар» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

Ағымдағы жылдың 13–15 тамыз күндері Ақмола облысының Зеренді ауданында жасөспірімдер арасында еркін күрестен «Болашақ чемпиондар» республикалық турнирі ұйымдастырылды.

Байрақты бәсекеге Қазақстанның өңірлерінен келген жас палуандармен қатар, Ресей Федерациясының спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарысқа 100-ге жуық жас палуан қатысып, спортшылар әр салмақ дәрежесінде шеберліктерін сынға салды.

Турнир қорытындысы бойынша Bolashaq Saraiy-ның тәрбиеленушісі Мақсат Қайргелді 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде І орынға ие болып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Жас спортшының жеңісіне оның жаттықтырушысы Нұргелді Әнуардың ның еңбегі зор. Бұл нәтиже спортшының жүйелі дайындығы мен табандылығының жемісі.

Мақсат Қайргелдінің жеңісі — жас палуандар үшін үлкен мотивация және Ақмола өңірінде еркін күрестің дамып келе жатқанының айқын көрсеткіші.