Колледждерде қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша халықаралық семинар өткізу туралы ақпарат

Колледждерде қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша халықаралық семинар өткізу туралы ақпарат

2020 жылғы 18 қарашада Еуропалық білім беру қоры (ЕБҚ) және «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған «Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту мәселесін зерделей отырып: оқыту процесі қалай өтуде?» халықаралық онлайн семинардың бірінші сессиясы өтті. Вебинарға Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімінің басшысы С.Сералина қатысты.

Турин процесі (ТК) – бұл бірыңғай тәсіл негізінде әртүрлі елдерде ТжКБ жүйесінің дамуын интерактивті талдау, ұзақ мерзімді стратегияларды енгізу мониторингі және табысты практикаларды зерделеу. 2009 жылы Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) бастамасымен іске қосылған.

Орталық Азия бойынша үйлестіруші Кристин Хемшемайер вебинардың мақсаты туралы айтып өтті және  қатысушылар 2020 жылы Орталық Азиядағы кәсіптік білім беру және оқыту жүйесіндегі қашықтықтан және онлайн-оқытудағы өзгерістер мәселелерін қарастырды. Студенттер мен оқытушылар, колледж басшылары, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстан педагогтерінің біліктілігін арттыру ұйымдарының мамандары өзара пікір және тәжірибе алмасып, қашықтықтан оқытуды енгізу кезіндегі жалпы проблемалық мәселелер мен шешу жолдарын талқылады.

Бірінші сессияның нәтижелері екінші сессияның негізгі материалы болады. Екінші сессияға Орталық Азияның бес елінен саясат әзірлеушілер және донорлық қоғамдастық пен Еуропалық Одақ қызметтерінің өкілдері қатысады.