Сен өз құқықтарың туралы білесің бе?

Сен өз құқықтарың туралы білесің бе?

Демалыс кезінде облыста дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша оқу-әдістемелік орталығы «Дарабоз» интеллектуалды онлайн-ойынын өткізді, оның мақсаты оқушыларды бала құқықтары туралы Конвенциямен таныстыру, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар балаларды өз құқықтарын қорғауға, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, балаларға міндеттерсіз құқықтар жоқ, құқықтарсыз міндеттер жоқ екенін түсінуге көмектесу, пікірталас жүргізу, өз пікірін білдіру, өз көзқарасын қорғау қабілеттерін дамыту міндеттерін қойды.

Онлайн-ойынға оқушылар 3 буыннан қатысты: кіші буын 1-4 сыныптар; орта буын 5-8 сыныптар; жоғары буын 9-11 сыныптар. Ойын ZOOM платформасы арқылы өтті.

Кіші буын үшін 2020 жылғы 11 қарашасында «Ертегі, ертегі көмектес, бізге құқықтар туралы айтып бер» онлайн-викторинасы өткізілді, онда балалар әдеби кейіпкерлердің бейнелері арқылы құқықтардың бұзылуын көрсетуі керек еді.

2020 жылғы 12 қарашасында орта буын оқушылары үшін «Мен баламын. Мен жеке тұлғамын», онда қатысушылар «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында жағдайларды талқылады.

Жоғары сынып оқушылары үшін 2020 жылғы 13 қарашасында «Музыкалық калейдоскоп» ми шабуылы өткізілген, онда олар ән мәтінінен адам құқықтарын шешуге тырысты.

Әр ойынның барлық кезеңдерінде 3 буында командалар саны кеміп отырды. Әр ойынның соңында 1 команда қалды, ол әр топта жеңімпаз болды.

Кіші буын жеңімпазы Аршалы ауданы Сарыоба ОМ «Дети будущего» командасы, орта буын Атбасар қ. №3 ОМ «Ойшылдар» командасы, жоғарғы буын Щучинск қ. №6 ОМ «Үлкендер» командасы болып табылады.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.