
«Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық кезеңі конкурсының комиссиясына кандидаттарды ұсыну бойынша өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2026 жылдың 20 маусымға дейін akmcentrtipo@yandex.kz поштасына келесі құжаттарды ұсынуыңызды сұраймыз.
Конкурстық комиссия құрамына енгізілуге үміткер кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
Тиісті салада кәсіби тәжірибеге ие болу (мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс).
Біліктілік деңгейіне ие болу:
педагогтер үшін (санаты): педагогтер үшін: педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор, педагог.
жұмыс берушілер, серіктес ұйымдар, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдері үшін (лауазымы): ұйым басшысы / басшының орынбасары, бөлім / департамент / филиал басшысы, бас маман / жетекші сарапшы, маман / сарапшы / менеджер.
Конкурстарға қатысу тәжірибесінің болуы (соңғы 5 жыл ішінде).
Жасанды интеллект саласындағы немесе IT-жобаларды / startup-жобаларды/ әлеуметтік-практикалық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (соңғы 5 жылда).
Іріктеу кезінде ескерілетін қосымша артықшылықтар:
Марапаттардың болуы.