Ақмола облысында бірінші рет «Заманауи жағдайда білім беру ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында педагогикалық кеңесі онлайн форматында өтті

Ақмола облысында бірінші рет «Заманауи жағдайда білім беру ұйымдары  жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында педагогикалық кеңесі онлайн форматында өтті

Педагогикалық кеңеске білім басқармасы, облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, аудандық (қалалық) ӘК меңгерушілері, пәндік қауымдастықтар педагогтары, жалпы білім беретін мектептердің облыстық директорлар кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының орынбасарлары, Қамқоршылық кеңестердің төрағалары қатысты.

Шақырылғандар: Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогикалық өлшеулер орталығы, Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Модератор: Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы.

«Еліміздегі ерекше жағдайға байланысты бірқатар іс-шараларды онлайн форматында өткізуге тура келетінін өздеріңіз білесіздер. Сондай-ақ еліміздегі жағдай тұрақталмайынша, баршамыздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Эпидемиологиялық ахуалды жақсарту бойынша Ақмола облысының әкімдігі бірқатар маңызды шаралар қабылдап, үлкен жұмыс жүргізіп жатқанына өздеріңіз куә болып жүрсіздер» - деп бастады өз сөзін Б.Жүсіпов.

Бүгінгі кеңестің негізгі мақсаты: 1 тоқсанды қорытындылау, өзекті мәселелерді анықтау және оларды педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы шешу алда қойған міндеттерімізді айқындау.

Педагогикалық кеңестің соңында шешім қабылданып, білім бөлімдеріне орындау үшін жіберілді.