Ақмола облысы мектептерінде қазақ тілі пәнінен емтихан өтуде

Ақмола облысы мектептерінде қазақ тілі пәнінен емтихан өтуде

Ағымдағы жылдың 26 және 28 мамырында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларының 35-тармағын орындау мақсатында облыстың 485 мектебінде 64 778 оқушы үшін негізгі орта (5–8 сыныптар) және жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлері бойынша оқу жылының аяқталуына орай емтихан өткізіледі.

Қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен, ал орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан жазбаша және ауызша түрде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

Емтихан өткізу оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытуға, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға және оқу жылы қорытындысы бойынша білімдерін объективті бағалауға бағытталған