
Көкшетау қаласында әлемнің түрлі елдерінен келген дарынды жастарды, сарапшыларды және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесінің өкілдерін біріктірген «DOSTI Skills Kokshetau – 2026» халықаралық чемпионаты өз мәресіне жетті. Халықаралық чемпионаты кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерін, Австрия, Жапония, Әзірбайжан және Сауд Арабиясынан келген халықаралық сарапшылар мен жас мамандарды, сондай-ақ Қазақстанның 15 өңірінен жиналған командаларды бір алаңға тоғыстырды.
Чемпионат кәсіби дағдылар мен құзыреттерді көрсететін алаң ғана емес, сонымен қатар достықтың, ынтымақтастықтың және техникалық прогрестің мерекесіне айналды. Жас мамандар тәжірибе алмасып, заманауи технологиялармен танысып, түрлі құзыреттер бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
21 мамырда «BOLASHAQ SARAIY» төрінде марапаттау рәсімі өтті, 5 мемлекеттен келген 61 қатысушы кәсібиліктерін көрсетіп, 4 құзіреттілік бойынша додаға түсті.
Чемпионат жеңімпаздары:
«Электроника» құзыреттілігі бойынша:
1 орын - Алтын медаль және сертификат иегері Аян Айтказин, Абай облысы;
2 орын - Күміс медаль және сертификат иегері Орхан Мустафаев, Әзербайжан;
3 орын - Қола медаль және сертификат иегері Әділ Оспан, Жетісу облысы.
Кәсібилігі үшін МЕДАЛЬОН иегерлері:
*Дмитрий Трошин, Ақмола облысы;
*Асет Жарқын, Қызылорда облысы;
*Абылай Султангереев, Ақтөбе облысы.
«Ұшқышсыз ұшу жүйелері» құзыреттілігі бойынша:
1 орын - Алтын медаль және сертификат иегері Руслан Нестеренко, Абай облысы;
2 орын - Күміс медаль, сертификат иегері Данил Дризжак, Ақтөбе облысы;
3 орын - Қола медаль және сертификат иегері Марлен Жумабаев, Қарағанды облысы.
Кәсібилігі үшін МЕДАЛЬОН иегерлері:
*Иван Доронин, Павлодар облысы;
*Алмат Атапкелұлы, Маңғыстау облысы;
*Александр Цалко, Ақмола облысы;
*Федор Сиренко, Маңғыстау облысы.
«Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша:
1 орын: Алтын медаль және сертификат Мухамбет Ғани /Жанбырбаев Алибек, Қарағанды облысы;
2 орын - Күміс медаль, сертификат иегері Роман Сапов и Артем Шишканов, Ақмола облысы;
3 орын - Қола медаль және сертификат иегері Санжар Байзак/Рассулбек Юлдашев, Шымкент қаласы.
Кәсібилігі үшін МЕДАЛЬОН иегерлері:
*Марвин Андреас/Константин Хаузер, Австрия;
*Адильжан Торебеков/Айберген Бижан, Қызылорда облысы;
*Ангелина Соколова/Никос Мантариди, Ақмола облысы.
«Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша:
1 орын: Алтын медаль және сертификат иегері – Патима Карсебай, Түркістан облысы;
2 орын - Күміс медаль, сертификат иегері: Станислав Немешев, Ақмола облысы;
3 (үшінші) орын - Қола медаль және сертификат иегері: Данил Рябоха, Ақмола облысы.
Кәсібилігі үшін МЕДАЛЬОН иегері: Даулет Уринов, Маңғыстау облысы.
Чемпионат барысында «Автономды мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Shanghai-2026 ұлттық құрамасына іріктеу өтті. Жолдаманы Ақмола облысының өкілдері Роман Сапов пен Артем Шишканов жеңіп алды.
Іс-шараның соңында чемпионат эстафетасын келесі алаңға салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Осы маңызды эстафетаны келесі ұйымдастырушы – Атырау облысына зор сеніммен табысталды.