Ақмола облысының оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Ақмола облысының оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңі өтті.

Ақмола облысынан 17 оқушы қатысты.

Ақмолалық оқушылар тіл пәндері, тарих, математика және ағылшын тілі бағыттары бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

IІ-дәрежелі дипломмен:

"Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Айболатұлы Хан-Керей – Целиноград ауданы Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

"Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Богтоутова Ажар – Целиноград ауданы, Софиевка ауылының орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

"Қазақстан тарихы" пәні бойынша Кенжебай Ақылбай –Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;

"Ағылшын тілі" пәні бойынша Бозжігіт Ерасыл – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломмен:

"Математика" пәні бойынша Телман Сұлтанбек – Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;

"Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Әубәкір Еркежан – Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;

"Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша Әшім Әли – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

"Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі" пәні бойынша Есентай Әлнұр – Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;

"Ағылшын тілі" пәні бойынша Кусаинов Назар – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы.

Грамотамен:

"Математика" пәні бойынша Нұртай Медеу –Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;

"Жаратылыстану" пәні бойынша Аббас Роман –Степногор қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.

"Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі" пәні бойынша Сүлеймен Лаура – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

"Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі" пәні бойынша Қайролла Аян –Степногор қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.

Құттықтаймыз!