
Астана қаласында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті. Бұл беделді зияткерлік сайыста Ақмола облысын 8 талантты оқушы таныстырды.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада. Олимпиада оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін, шешендік өнерін және ана тіліне деген сүйіспеншілігін дамытуға мүмкіндік береді.
Республикалық кезең қорытындысы бойынша Ақмола облысының оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
І-дәрежелі дипломмен «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (орыс.) Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 9-сынып оқушысы Кокорева Мария марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен:
1.«Бейнелеушілер» бағыты бойынша (қаз.) Джамбулова Томирис - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының № 1 жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы;
2.«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (қаз.) Тұрсынхан Арсен - Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен:
1.«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша (қаз.) Казар Маржан - Қосшы қаласының ІТ-мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
2.«Сөз шеберлері» бағыты бойынша (қаз.) Сэригболатұлы Сәттібек - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы марапатталды.
Ақмола облысының командасы «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының ІІІ-дәрежелі командалық дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, Сәттібек Сэригболатұлы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Kozybayev University-нің білім беру грантына ие болды. Бұл марапат оның табандылығы мен ана тіліне деген сүйіспеншілігінің лайықты бағасы болды.
Құттықтаймыз!