Ақмола облысының оқушылары республикалық қаржылық сауаттылық олимпиадасында топ жарды

Ақмола облысының оқушылары республикалық қаржылық сауаттылық олимпиадасында топ жарды

9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 2026 жылғы 2-6 мамыр аралығында Астана қаласындағы Шәкәрім атындағы № 56 мектеп – лицейінің базасында өтті.

Олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Ұлттық Банкі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Ақмола облысының командасы өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті: алты қатысушының бесеуі жүлделі орындарға ие болды.

I-дәрежелі дипломмен:

Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Чугунов Андрей марапатталды.

IІ-дәрежелі дипломмен:

1.Чикомеев Михаил - Атбасар ауданы, Мариновка ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

2.Бахытжан Нұрымжан - Silk-Road corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қосшы қаласының Бизнес академия «Дара» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

3.Сейтқали Жалиль - Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломмен

Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Меркулов Роман марапатталды.

Құттықтаймыз!