
Жыл сайын Қазақстандық салалық білім беру, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы облыстар арасындағы мүше ұйымдардың қызметіне бағалау жүргізеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы республикалық рейтингте I орынға ие болып, кәсіподақ жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын тиімді қорғауды тағы да дәлелдеді.
Бағалау аясында қызметтің негізгі бағыттары талданды: әлеуметтік әріптестікті дамыту, келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы, еңбек заңнамасының сақталуы, келісу комиссияларының қызметі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысы, сондай-ақ ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет деңгейі.
Қол жеткізілген нәтиже — кәсіподақтың барлық буындарының жүйелі әрі үйлесімді жұмысының, әлеуметтік әріптестермен, білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен аудандық (қалалық) филиалдардың төрағаларымен сындарлы өзара іс-қимылының жемісі.
Бұл жетістік — атқарылған жұмыстың жоғары бағасы ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық позицияларды сақтау, озық тәжірибелерді енгізу және кәсіподақ қозғалысын одан әрі нығайту жолындағы үлкен жауапкершілік.