
2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын 7 оқушы қорғады. Олар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
ІІ-дәрежелі дипломмен:
1.Бектасова Аяжан - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2.Қазкен Аруна - Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3.Құлшымбек Қарлығаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар, грамотамен Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ғажайып Кәусар марапатталды.
Құттықтаймыз!