
Көкшетау қаласында Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернаты базасында 8–11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Есенберлин: Тарихтың алтын қаламы» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараны «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи таным көкжиегін кеңейту, ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ жазушы шығармаларын зерделеу арқылы олардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін ашу.
Отырыс жұмысына:
- Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты;
- Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы — Атбасар ауданы Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейінің меңгерушісі;
-Оразов Еркін Жаргөлбайұлы — «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы қатысты.
Конференция ғылыми коворкинг форматында — пікір алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналған ашық алаң ретінде ұйымдастырылды.
Модераторы — Қарасартова Шаттық Қаналбековна, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Конференция қорытындысы бойынша қонақтарына алғыс хаттар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.