Қоянды мектеп-лицейі: технология мен тарих тоғысқан білім ордасы

Қоянды мектеп-лицейі: технология мен тарих тоғысқан білім ордасы

Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы мектеп-лицейінде оқу үдерісі әлдеқашан дәстүрлі сабақ шеңберінен шығып кеткен. Мұнда оқушылар тек білім алып қана қоймай, болашақ технологияларын жасап, сонымен қатар тарихи мұраны да ұқыптылықпен сақтауда.

Жасанды интеллект, робототехника және жобалық қызмет сияқты заманауи бағыттар білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылар күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты жобалармен айналысады.

Жарқын үлгілерінің бірі – оқушылар әзірлеген «Ақылды мәдениет үйі» жобасы.

Әзірлеушілердің өздері айтқандай, бұл жобада біз заманауи технологияларды пайдалана отырып, мәдениет үйінің қауіпсіздігін және ыңғайлылығын арттыруды мақсат еттік. Жобамыздың негізі ретінде біз Arduino Uno микроконтроллерін қолдандық. Arduino – түрлі электрондық құрылғыларды басқаруға арналған ашық платформа.

Өз әзірлемесінде оқушылар бірқатар цифрлық жаңашылдықтарды қолданған: автоматтандырылған турникет, құпия сан (пин-код) арқылы есікті ашу жүйесі, дыбыс арқылы жарықты қосу, сондай-ақ «ақылды» қоқыс жәшігі. Arduino платформасын пайдалана отырып, оқушылар мәдениет үйінің ақылды моделін жасап шықты.

Алдағы уақытта жобаны кеңейтіп, карта арқылы кіру немесе мобильді қосымша арқылы басқару жүйесін қосу жоспарлануда.

Алайда Қояндыдағы мектеп тек технологиялармен ғана шектелмейді. Мұнда оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру мен патриоттық тәрбиеге де ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы оқу жылында тарих пәні мұғалімдерінің бастамасымен мектепте мұражай ашылды .

Мұражай негізгі төрт  бөлім бойынша жасақталды: «Тарихи сабақтастық», «Ұлт болмысы», «Өлке тарихы»  және Ақмола облысыны тұлғалары бойынша «Тарихи тұлға» бөлімі,. Әрқайсысы оқушыларға өз тамырын тереңірек түсінуге және ұрпақтар сабақтастығын сезінуге мүмкіндік береді.

Тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Көкенайдың айтуынша, мұражайды ашудың басты мақсаты — тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, зерделеу және оны болашақ ұрпаққа жеткізу.

Атап айтсақ, Қоянды ауылындағы мектеп-лицей «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған және 2000 оқушыға арналған. Заманауи білім ордасында пәндік кабинеттер, STEM-зертханалар, кітапхана, асхана, сондай-ақ бірнеше спортзал қарастырылған.