«Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды

«Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды

Көкшетау қаласындағы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Зияткерлік сайыстың ұйымдастырушылары: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Олимпиада дәстүрлі офлайн форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Іс-шара барысында ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтау басты назарда болып, қатысушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік берді.

Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген 5 және 6 сынып оқушылары қатысып, өздерінің математикалық қабілеттерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 17 оқушы, грамотамен- 7 оқушы марапатталды.

6-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 9 оқушы, грамотамен- 2 оқушы марапатталды.

І дәрежелі диплом иегерлері республикалық финалға жолдама алды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!