
Ақмола облысының педагог-психологтар қауымдастығында маңызды оқиға - «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің даму мәселелері. Заманымыздың өзекті мәселелері» ІІ Аймақтық педагог-психологтар форумы өтті.
Форум жұмысына педагогика, психология және жас ерекшелік даму кафедрасының оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, аудан/қала білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагог-психологтар, сондай-ақ қарастырылып отырған мәселелерге қызығушылық танытқан барлық азаматтар қатысты.
Форум бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған сипатта өтті.
Педагог-психологтар форумы аясында үш шеберлік алаңында кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқы, психологиялық сүйемелдеудің құралы ретіндегі позитивті психология және психологиялық-педагогикалық қолдау аясындағы ата-аналармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша форсайт-сессиялар өтті.
Сонымен қатар, іс-шара аясында қатысушылардың «Педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы» атты үздік тәжірибелерінің көрме-презентациясы, сондай-ақ болашақ педагог-психологтардың «Болашақты қалыптастыра отырып» атты жобаларының интерактивті алаңы ұйымдастырылды.
Пленарлық бөлімде форум қатысушыларын Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Б.Б.Дүйсенова, Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А.С.Магавина құттықтау сөз сөйледі. Ш.Уәлиханов атындағы КЕАҚ ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі Д.В. Лепешев ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қолдау туралы баяндады. Психологиялық қолдау орталығының басшысы С.А.Шокимова орталықтың бір жыл ішіндегі қызметіне жан-жақты талдау ұсынды.
Форум педагог-психологтардың кәсіби және шығармашылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандарды марапаттау рәсімімен аяқталып, өңірдің кәсіби қауымдастығы үшін маңызды оқиға ретінде есте қалды.