Ақмола облысында «Abilympics-2026» чемпионаты өтуде

Ақмола облысында «Abilympics-2026» чемпионаты өтуде

14–17 сәуір аралығында Ақмола облысында WorldSkills Aqmola 2026 чемпионаты аясында «Abilympics-2026» аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтуде. Аталған байқауға ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер қатысып, өздерінің кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетуде.

Чемпионаттың негізгі мақсаты — болашағы зор жас мамандарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби құзыреттерін дамыту, сондай-ақ әрі қарай жұмысқа орналасуына және табысты өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Чемпионатқа 12 студент қатысуда. Байқау алаңдары Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжі мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің базасында ұйымдастырылған.

Биыл қатысушылар төрт құзырет бойынша бақ сынауда:

- Киіз басу

- Киім тігу

- Ағаш ою

- Терімен жұмыс

«Әрбір бұйымның артында сағаттап жасалған еңбек, шабыт пен жетілдіруге деген ұмтылыс жатыр. Қатысушылар тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, өз жан дүниесінің бір бөлшегін қосып, нағыз өнер туындыларын жасауда», — деп атап өтті сарапшы-компатриот Әсемгүл Базарова.

Өңірде бұл байқау 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол инклюзивті кәсіби білім беруді дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналып, студенттерді, педагогтерді және сарапшыларды тең мүмкіндіктер мен баршаға сапалы білім беру жолында біріктіріп отыр.