Ақмолалық жас спортшылар республикалық жарыста қола жүлде иеленді

Ақмолалық жас спортшылар республикалық жарыста қола жүлде иеленді

Астана қаласында 2026 жылғы 1–8 сәуір аралығында 9–11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында футзалдан республикалық кезең өтті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар өзара мықтыны анықтап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Аталған жарыста Ақмола облысынан Шортанды ауданы, Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларынан құралған команда қатысты. Жас спортшылар турнир барысында ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, әр кездесуде табандылық танытты.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша ақмолалық команда жүлделі III орынды иеленіп, облыс абыройын асқақтатты. Бұл жетістік – оқушылардың қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындықтарының нәтижесі.

Команда құрамы:

- Зэрэғұлы Нүрислам

- Бұғыбай Жасұлан

- Кашиков Асанали

- Муканов Саят

- Малчыбай Нұрмұхамед

- Авлайханұлы Ибрагим

- Жумабек Мадияр

- Базарбек Дырдубай

- Тилеубек Руслан

- Хуан Мухаметжан

Команда жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Орал Орынбасар Ғабитұлы.

Жаттықтырушы: Кусаинов Оразалы Биболсенович.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!