Ақмолалық оқушы «Алтын түлек» республикалық олимпиадасында Алматы университетінің грантымен марапатталды

Ақмолалық оқушы «Алтын түлек» республикалық олимпиадасында Алматы университетінің грантымен марапатталды

2026 жылғы 3 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларына арналған VII республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетнің базасында өтті.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Ақмола білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Олимпиада мемлекеттік тілде офлайн форматта ұйымдастырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен– 10 оқушы, грамотамен- 4 оқушы марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 11-сынып оқушылары арасында І-дәрежелі дипломмен– 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 10 оқушы, грамотамен - 6 оқушы марапатталды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ішкі грантымен олимпиаданың алтын жүлдегері Ибрагим Адиль  - Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 11-сынып оқушысы марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!