
Алматы қаласында 2026 жылғы 27 наурыз – 1 сәуір аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Алматы қаласы білім басқармасы мен Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, қолдау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы.
Ақмола облысынан 14 оқушы қатысты, география пәні бойынша – 8 оқушы, химия пәні бойынша - 6 оқушы. Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.
Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша Ақмола облысының қатысушылары тамаша нәтиже көрсетті.
II-дәрежелі дипломмен:
Арынов Дамир "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, "География" пәні бойынша марапатталды.
IІI-дәрежелі дипломдармен:
Грамотамен Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Химия" пәні бойынша Ербол Лейла марапатталды.
Құттықтаймыз!