Мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімдігі жанынан құрылған өңірлік штабтың 2024–2026 жылдарға арналған мектеп оқушыларының жазғы демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі өңірлік жоспарды іске асыру бойынша отырысы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік балалар лагерлерінің басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері («Думан» педагогикалық жасағы) қатысты.

Модератор Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева.

«Биылғы жазғы маусымда облыста 14 балалар сауықтыру лагерінің жұмысы жоспарланып отыр. Балалардың демалыспен қамтылуын кеңейту мақсатында жалпы білім беретін мектептер базасында тамақтанумен және тамақтанусыз 226 мектеп жанындағы алаң жұмыс істейтін болады. Жалпы жазғы кезеңде демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтудың түрлі түрлерімен 1–10 сыныптардың шамамен 132 мың оқушысын қамту жоспарланып отыр»,- деп айты Айнагүл Балташева.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде балалардың жұмыспен қамтылуы мектептерде, 47 қосымша білім беру ұйымында, сондай-ақ балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылған 71 ұйымда еңбек, туристік, зияткерлік, шығармашылық бағыттар ұйымдастырылады.

Отырыс барысында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов баяндама жасады. Ол білім беру-сауықтыру ұйымдарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу туралы. 2025 жылы Ақмола облысындағы балалар сауықтыру лагерлерінің мәселелері туралы айтты.

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылатыны атап өтілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалар сауықтыру орталықтары мен олардың маңындағы су айдындарын тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өңір оқушыларының жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын сапалы, қауіпсіз және қолжетімді ұйымдастыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.