Ақмола облысының оқушысы халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанып, университет грантын жеңіп алды

Ақмола облысының оқушысы халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанып, университет грантын жеңіп алды

Астана қаласында «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар олимпиадасы өтті. Іс-шараға 10 елден келген 600 оқушы қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» РҒПО және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Халықаралық олимпиадаға Ақмола облысының оқушыларыда қатысты. Оқушыларымыз қатысып қана қоймай жүлделі орындарға ие болды.

II орын - Ермишкин Александр Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, «Computer ART AI» бағыты бойынша иеленді. Жетекшісі: Утебаева Д.З.

III орын - Ережепов Санжар және Темеш Мирас Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп—интернатының 9 сынып оқушылары, «Applied science» бағыты бойынша иеленді.

Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Сағатай А.А.

Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша Ермишкин Александр Алматы энергетика және байланыс университетінің толық білім беру гранты табысталды.

«INFOMATRIX» конкурсы — әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік IT оқушылары қатысатын халықаралық компьютерлік жобалар конкурсы. Ол Румынияда өтетін халықаралық «INFOMATRIX» конкурсы негізінде құрылып, «INFOMATRIX-ASIA» аясын кеңейту және оқушыларға қатысу мүмкіндігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Конкурс Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Конкурс жеңімпаздары әлемнің және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар иеленді. Бүгінде сол жоғары оқу орындарын бітірген жастардың арасында танымал видеографтар, дизайнерлер, бағдарламашылар және қоғамда маңызды рөл атқарып жүрген басқа да мамандар бар.