2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада өтті.
Іс-шара дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және Щучинск қаласындағы Әскери колледждің 25 ұйымынан 230-дан астам студент қатысты. Қатысушылар сегіз пән бойынша бақ сынады: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, информатика, физика және химия.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды. Байқау кезеңдері аяқталғаннан кейін қазылар алқасы қорытынды нәтижелерді шығарды.
Үздік студенттер грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, олар Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында болып, «Он екінші күн» спектаклінің премьерасын тамашалады.
Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ортасының дамуына, білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуға және студенттердің білімге деген қызығушылығы мен кәсіби өсуіне ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.